ҚЗ  /  РУ  /  EN
     
04 октября 2019
http://turkystan.kz/article/87314-arttar-k-ni-arsa-ynda-y-ajyrymdyly

Бұл күні егде жастағыларға, мүгедектерге, жалғыз басты зейнеткерлерге көңіл бөлініп, материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және т.б көмектер көрсетіледі. «Қарттар – біздің асыл қазынамыз». Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты, аяулы қарттарымыздың арқасы. Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету адамшылықтың ең жоғарғы қасиеттерінің бірі болып саналады. Қай халықтың болмасын түпкі тамырында үлкенді сыйлап, құрмет көрсету тереңде жатыр десек, сол бір үлкенді құрметтеу қасиеті «Арыстан» мамандандырылған лицейінде жыл сайынғы дәстүрге айналған деп айтсақ артық айтқан болмаспыз. Қамқорлық акциясын Талғар қаласының Бесқайнар ауылында тұрып жатқан қарттарды мересімен құтықтаудан бастады. «Арыстан» мамандандырылған лицейі 9 сынып рота командирі –полковник Талдыбаев Абай Қырғызбаевичтің басшылығымен және рота психологі –Шардарбекова Динара Белжігітовна және ата-аналар комитеті, бір топ лицейстер қайырымдылық акциясын орындауда бірнеше жанұяны қамқорлықтарына алып, жалғызбасты және аз қамтылған жанұялар, мүгедектер және қарт кісілердің үйлеріне барып, қарттар күнімен құттықтады. Лицейстер қарттардың көңілін көтеріп, тілектерін айтып, бірі өлеңін оқыса, бірі домбырасын күмбірлетіп, екіншісі гитарасымен әнін шырқады және азын-аулақ сыйлықтарын сыйлады. Лицейстер - қарттарға өскелең ұрпақ үшін жасаған игі істері мен пайым-парасаттылық үлгісін танытқаны үшін алғыстарын білдірді. Қарттар да өз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын беріп шығарып салды. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі деген осы емес пе?


Акылаева Бакыт Чапайовна
 8 мая 2019
https://massaget.kz/blogs/25612/ https://turkystan.kz/article/80305-tartys-a-toly-boks-turniri https://sport.bugin.kz/4297-arystanda-otken-boks-turniri «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру Қоры» Қоғамдық...