ҚЗ  /  РУ  /  EN
  


Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Әйел аққу ұшып қонған айдынға
Бір әйелге бағынам деп қайғырма
Ей еркектер бар әйелді сүйіңдер
Әйелдерсіз бұл әлемде күн барма,


  • дей келе ардақты да аяулы арулар мен аналарымыздың мерекесі 8 наурыз аталып өтілді.
   7 наурыз күні лицейіміздің ер азаматтары мен оқушылары, сонымен қатар ата-аналар тарапынан әйел қауымына арналған концерттік кеш беріліп, соңынан ойын-сауық кеші өткізілді. Қымбатты аналар мен аруларға - көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйылып, ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбесін деп ер азаматтар өз тілектерін білдірді. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.
   Кешті өткізу барысында көптеген ойлық, концерттік сайыстар болып, оған әйел қауымы қатысып, жеңімпаз ханымдарға сыйлықтар берілді.
Лицейіміздің ханымдары дән риза болып өз рахметтерін айтты.


   Тағы да лицейіміздің ханымдарын 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен ойын-сауық кешін ұйымдастырушы тарих, АӘД, ДШ оқу-әдістемелік құрылымының атынан құттықтаймыз.