ҚЗ  /  РУ  /  EN
  


Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған,
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.
Қазақтың селі, желі, шөлі, белі
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!
Мағжан Жұмабаев



   Соғыс... Өмір мен өлім, үрей мен қорқыныш, Намыс пен борыш, қан мен тер... өзінің туған елінен, өз туған жерінен алшақта, «Батыр бабаларымыз» салған батыл жолмен Ауған жерінде өздерінің интернационалдық борышын абыроймен атқарып, Отан алдында берген Антына адал қызмет атқарып келген батыр ағаларымыз туралы біреу білсе, біреу біле бермес...
   Оған себеп интернеттің кеңінен қанат жайған заманында, сол интернет желілерде талай сұрақ пен дау-дамай туғызған Ауған соғысы... Біреулер шындыққа жанаспайтын ақпарат таратса, енді біреулері мүлде біле бермейді...
   Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевты 2019 жылддың 23 қаңтарында «Жастар» жылының салтанатты ашылуында сөйлеген сөзінде: «Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз. Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге, сіздердің білімдеріңізге, энергияларыңыз бен патриотизмдеріңізге байланысты» деген еді.
   Ал Президентіміз Қ.К.Тоқаев 12.06.2019 жылы «Жас ұрпаққа айтатын арнайы сөзім бар. Сіздер Қазақстанның даму жолында шешуші рөлді атқарасыздар. Прогрестің қозғаушы күші боласыздар» деген еді.
   Олай болса, «Жастар ел болашағы... Тарихи таныммен ұрпақ өседі, ұлттық сана қалыптасады» деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзін алға тарта отырып, «Арыстан» лицейінің тарих тармақтарына үңіле отырып, алуан іс шаралар жоспар бойынша өткізіп, саналы ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін әрқашан қосуда... Сол іс- шаралардың бірі және бірегейі «кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарғанына 31жыл» толуына байланысты өткен ауқымды іс шара. Ауған соғысынын ардагері, педагогика ғылымдарының докторы, лицей басшысы запастағы генерал-майор С.С.Тауланов бастаған ұжым Ауған соғысы ардагерлерін лицейімізге қонаққа шақырып, әр сынып лицеистерімен «Батылдық сабақтарын» жүргізді. Лицеиімізде қонақта Қарабеков Дәулет, Анатский Владимир,Байтоқаев Ерлан, Хамзин Байкал, Пашевич Сергей, Танабаев Алтынбек, Юн Радион, Тақырбасов Бақытжан, Садыков Қайрат және тағы басқа да Ауған соғысы ардагерлері лицеистермен кездесу өткізіп, Ауған соғысы туралы, өздерінің Ауған жеріндегі интернационалдық борышы туралы ақпараттармен бөлісіп, болашақ отан қорғаушыларымызға ақ жүректерімен аталық ақ баталарын беріп кетті. Арыстандық лицеистер өз тарапынан ардагерлерімізге дайындалған тематикалық концерттік бағдарламаларын ұсынып, алдыңғы батыр буыннан үлкен алғыс алып, концерттік бағдарламаға жоғары баға берді.

   Сонымен қатар «Арыстан» лицеиінің 2 рота лицеистері 28- Панфилов паркінде өткен Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы горнизон басшыларының «Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарғанына 31жыл» толуына байланысты ұйымдаса жасаған іс-шараларына белсенді қатысып, аға буыннның батырлығын ұлықтауда үлкен құрметпен ат салысты. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ардагерлерімізге құрмет көрсетіп, «мәңгілік алау» гүл шоқтарын қойып, Ауған соғысы ардагерлерінің алдында саптық шерумен өтті.
   Бүгінгі таңда лицейімізде «Бабалар батырлығын мұра еткен» өскелең ұрпақ ер есімін естен шығармай білімдерін дәріптеп жатыр.


2 рота 1 взвод командирі, аға лейтенант Искаков Даурен Саятбекович