ҚЗ  /  РУ  /  EN

"Жас Сарбаз" әскери-патриоттық әндер фестивалінің бас жүлдесіне "Арыстан" мамандандырылған лицейінің командасы ие болды!


   100 - ден астам ұжым мен жеке қатысушыларды артта қалдырып, тамаша жеңіспен "Арыстан" лицеистері фестивальдің бас жүлдесін – Гран-приді жеңіп алды!
   Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен биыл дәстүрлі "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық әндерінің бүкіл армиялық фестивалі онлайн форматта, 1 қыркүйек пен 10 қараша аралығында өтті. Фестивальге "Арыстан" мамандандырылған лицейінің он бірінші сынып лицеистерінен құралған құрметті қарауыл взводы құрамы АӘД оқытушысы, запастағы полковник В. В. Небылицаның басшылығымен және оқытушы
А. А. Баудиновтың басшылығымен "Авангард" вокалды-аспаптық ансамблі мен хоры қатысты.
   Фестивальге дайындық кезінде арыстандықтар мақсат қою арқылы бастамашылдық, командалық бірлік танытып, шығармашылық шабытпен жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
   Бұл "Авангард" ВИА қоржынындағы алғашқы марапат емес.
   Екінші жыл қатарынан бұл ұжым фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алып, "Үздік" атағын иеленуде!
   Арыстандықтарға республикамызда да, шетелде де өткізілетін басқа да шығармашылық байқаулардан табыс тілейміз.

"Арыстан" лицеистері – тек алға!
Жаңа шыңдарға!
Жаңа жеңістерге!