ҚЗ  /  РУ  /  EN

Ұстаздар күні

   Тамаша күн ғой қыркүйектің 30-ы! Бұл күні "Арыстан" мамандандырылған лицейінде құрметті ұстаздарды Мұғалімдер күнімен құттықтады.
   Таңертең Лицейдің барлық аумағында ұстаздар туралы сүйіспеншілікке толы таныс әндер шырқалды. Шеру алаңында лицей оқушылары өз ұстаздарымен кездесіп, оларға өлең оқып, "Ерке сылқым" күйін орындады, содан кейін – флешмобпен би алаңын қыздырды, оған мұғалімдерді де қатысуға шақырды.
   Лицей фойесінде "Мұғалім – даналық пен білімнің, ой мен идеялардың қайнар көзі" атты көркемсурет көрмесінде ұсынылған ИЗО үйірмесіне қатысушы лицеистердің еңбектерімен танысты. Мұғалімдерді лицейдің спорт залында қызықты шығармашылық бағдарлама − мерекелік шағын концерт күтіп тұрды.

   Бұл күні ұстаздарға даналық пен денсаулық, шығармашылық шабыт пен өмірдегі бар жақсылықты тілейміз!