ҚЗ  /  РУ  /  EN

Тілдер күні

   2022 жылдың 26 қыркүйегінде "Арыстан" мамандандырылған лицейінде танымдық, қызығушылық сипаты жоғары деңгейде Тілдер күні аталып өтті. Іс-шара барысында 9, 10 және 11-сынып оқушылары Қазақстандағы үштілділіктің өзекті мәселелерін талқылады. Лицеистер тілдік викториналарға қатысып, қазақ және орыс тілдерінде мәнерлеп оқу дағдыларын, ағылшын тілін шебер меңгергендігін және Отанымызды мекендейтін халықтардың тарихын, әдебиетін, дәстүрлерін жан-жақты білетін қабілеттерін көрсетті.
   Сондай-ақ, Тілдер күніне орай оқу аптасында қазақстандық тілдер мерекесінің мәртебесін дәріптейтін тақырыптық сынып сағаттары өтеді.