ҚЗ  /  РУ  /  EN

"Арыстан" мамандандырылған лицейінде шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық сабақтар өткізілді

   Алматы облысы Талғар ауданының "Арыстан" мамандандырылған лицейінде шартты өртті жою және адамдарды қауіпсіз эвакуациялау бойынша өрт-тактикалық жаттығулар өткізілді.
   Бұл жаттығу мақсаты-балалар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және нығайту, лицеистер мен персоналдың, сондай-ақ оқытушылар құрамының төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы хабардарлығын арттыру.

   Сағат 15-00-де дәліздегі электр кабельдерінің жануы туралы ақпараттың түсуі бойынша оқу-жаттығу сценарийі бойынша оттың таралуымен және қатты түтінмен команда берілді және нақты уақытта шығу кестесіне сәйкес шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша бөлімшелердің келуі пысықталды. Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері лицей ғимаратында өртті сөндіру тактикасын, арнайы техниканы пайдалана отырып, адамдарды құтқару мен эвакуациялауды пысықтады. Шартты өртті сөндіру барысында шартты өртті сөндіру кезінде өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен объектінің қызмет көрсету персоналы арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері пысықталды.

   Алматы облысы ТЖД Өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізуге барлығы 2 бірлік техника мен жеке құрамның 10 адамы жұмылдырылды.
   Сондай-ақ лицей қызметкерлерімен және өскелең ұрпақпен Төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған үгіт-профилактикалық әңгімелер өткізілді. Лицейисттерге ҚР ТЖМ АҚА түсу бойынша үгіт-насихат өткізідді.


Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі