ҚЗ  /  РУ  /  EN

25 қазан –Республика Күнін «Арыстан» лицейінің мерекелеуі

   «Арыстан» мамандандырылған лицейі 25 қазан – Республика Күнін ерекше салтанатпен атап өтті.    Мерекелік іс-шара Лицей бастығы генерал-лейтенант М.Ж.Майкеевтің лицеистер мен ұстаздарды, офицерлер мен лицей қызметкерлерін 25 қазан - Қазақстан егемендігі туралы декларация қабылданған мемлекеттік мерекемен құттықтау сөзімен басталды.

   Осы мерекеде тәуелсіздік алуымызға зор үлес қосқан патриоттарымызға тағзым етуге, мемлекетіміздің қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосуға шақырды. Қазақстан 32 жылдың ішінде Тәуелсіздігіміздің көк Туын желбіретіп, Елтаңба, Әнұранымызды, ұлттық теңгемізді жариялап, ғарышқа алғашқы қазақ ғарышкерлерін аттандырып, жаңа Астанамызды салып, әлемге бейтітшілікті жақтайтын мемлекет ретінде танылды. Қазақстан дербес мемлекет болған күннен бастап еліміздің қол жеткізген жетістіктері туралы айтып, сол жетістіктерді жалғастыру қазіргі міндетіміз екендігіне тоқталды.
   Арыстандықтардың міндеті – терең білім алып, болашақта абыроймен Отан қорғау, патриотизм мен өзін-өзі жетілдіру болғандықтан, оған лицейде тамаша мүмкіндіктер беріледі. Қызметтік міндеттерін адал орындап, шәкірт даярлау ісіне бар күш-жігерін арнап жүрген озат ұстаздар мен үздік лицеистер Республика күнінің құрметіне орай Алғыс хаттармен марапатталды.

   Мерекелік іс-шара барысында Құрмет қарауылының орындауында «Храброе сердца» әні орындалып, саптық іс-қимылдар көрсетілді. Әр рота өздерінің жеке әндерін орындап, жиын соңында 1,2,3-рота лицеистері хормен «Мен-қазақпын!» әнін орындады.

   Міне, осылай мемлекеттік мерекеміз ұлықталып, жас ұрпаққа тәрбиесі мол тағылым берілді.