ҚЗ  /  РУ  /  EN

9-сынып арыстандық команданың таудағы жорығы

   2022 жылдың 11 қыркүйегінде «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 1 рота 9-сынып лицеистері «Ой-Қарақай» шаңғы кешені (Орман ертегісі) – «Қабан көлі» - «Алатау» қалау саябағы бағыты бойынша тауға саяхат жасады.

   Жорыққа лицейдің психологиялық қызметі бастығы запастағы полковник Коваленко А.В. басшылығымен бітіруші түлек-офицерлермен оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі лицей бастығы орынбасарының көмекшісі запастағы полковник Аубакиров А.Н., взвод командирі запастағы майор Каримов А.А., дене шынықтыру пәні мұғалімі Левакова З.И. және медбике Байузакова Г. қатысты.
   Барлық жағдаятты ескергенде жорық шамамен 4 сағатқа созылды, маршруттың жалпы ұзындығы шамамен 8 шақырымды құрайды, маршруттың ең биік нүктесі теңіз деңгейінен 2050 метр биіктікте. Барлық лицеистер жорықты сенімді түрде өз мәресіне жеткізді. Жорықты толыққанды жүзеге асыру барысында лицеистерге олардың тек жақсы дене дайындығы ғана емес, сонымен қатар өзара көмек пен қолдау көрсету, сонымен қатар саяхатты сауатты жоспарлау көмектесті. Кідірістер кезінде лицеистермен «Таудағы түрлі кедергілерден өту және тауда жүріп-тұруға үйрету әдістемесі, құлаған жағдайда өзін-өзі сақтандыру, тауда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
   Лицеистер тауда жүріп-тұрудың көптеген практикалық тәжірибесін меңгеріп, өздерінің физикалық-психологиялық қабілеттерін, сонымен қатар ерік-жігерлері мен төзімділіктерін сынады, өз күштеріне сенім артуды үйренді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Исабекова Ж.А.