ҚЗ  /  РУ  /  EN

Құтқарушылар күні

   Төтенше жағдайлар министрлігі қатарында қызмет атқарып жүрген «Арыстан» мамандандырылған лицейін бітіруші офицерлер мен курсанттарды кәсіби мерекелерімен – Құтқарушылар күнімен құттықтаймыз!
   Тәуелсіздік жылдарында төтенше жағдайларды жою жүйесі қалыптасу мен дамудың ұзақ жолын жүріп өтті, құнды тәжірибе жинақталды. Басты нәтиже адам өмірін сақтап қалу, қайғылы оқиғалардың алдын алу. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі құтқарушылардың күнделікті жұмысы осыған бағытталған. Төтенше жағдайлардың салдарын дер кезінде жою және адам шығынын болдырмау, шығынды барынша азайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету – осы міндеттердің барлығын Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жылдан-жылға табысты атқарып келеді.
   Біздің түлектер - аға лейтенант Хадесов А., лейтенант Ильясов Д. қазірдің өзінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қатарында қызмет етуде. Алдағы жылдары олардың қатарын Көкшетаудағы Азаматтық қорғау академиясы мен Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғары оқу орындарының түлектері толықтырады.
   Сіздерге денсаулық, бақыт, табыс, оқуда жемісті және Қазақстанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейміз!