ҚЗ  /  РУ  /  EN

«Жас дарын» эссе жазу байқауы

   «Жас дарын» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығының жоспары бойынша 2022жылдың 26 қыркүйегіне дейін 10-11-сынып оқушылары арасында «Мен таныған жазушы» тақырыбында майдангер детектив жазушы, драматург, прозашы, көркемсөз зергері Кемел Тоқаевтың туған күніне орай өмірі мен еңбектері жайында эссе жазу байқауы өтті.
   «Арыстан» мамандандырылған лицейінен қатысқан 11-сынып лицеисі Сұлтанбек Ернұр «Жүзден жүйрік» атанып, 1- орынды иеленіп, І Дәрежелі Дипломмен марапатталды. Ал жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Т.Салимова Алғыс хатпен марапатталды.
   Марапаттау рәсімі 03.10.2022жылы Қонаев қаласында №4 орта мектеп- гимназиясының кітапханасында Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Исағұлова Гүлсара Тастандықызының тікелей қатысуымен өтті.