ҚЗ  /  РУ  /  EN

«Ұлттың ұлы ұстазы» (Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған) атты ертеңгілік іс-шара

   2022 жылдың 7 қазанында «Арыстан» мамандандырылған лицейінің акт залында 9-10-11-сынып лицеистеріне арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты таңертеңгілік кеш өткізілді. Таңертеңгілікті қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Жанар Тоқтарбайқызы Умерджанова өткізді. Кеш қонақтары ретінде Лицей бастығының тәрбие істері жөніндегі орынбасары запастағы полковник В.А.Райхель, Лицей психологиялық қызмет тобының басшысы А.В.Коваленко мен КДЦ басшысы Ж.Т.Қалиева, КДЦ техникалық үйлестірушісі Илия Лемешкин және рота командирлері, взвод командирлері қатысты. «Ұлттың ұлы ұстазы» (Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған) атты ертеңгілік «Алаш ұраны» әнімен ашылды.Таңертеңгілікті 11 сыныптың лицеистері – қос жүргізуші – Жамбулов Рауан мен Есболған Санжар – жүргізді. «Ұлттың ұлы ұстазы» (Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған) атты музыкамен сүйемеленген бұл таңертеңгіліктің Лицей шәкірттері үшін тарихи-әдеби мазмұндағы тағылымы зор болды деп есептеймін. Лицеистердің арасынан 10 Г сынып лицеистері Ахмет Байтұрсынұлының ой тастарлық өлеңдерін көркемдеп, жатқа оқып, оқушыларға ерекше шабыт сыйлады. Мәнерлеп оқыған лицеистер: Үмітқали Аман; Төрехан Алижан; Жеңісбекұлы Димаш.
   Таңертеңгіліктің ортасында викториналық сұрақтар арқылы кері байланыс жүргізілді.
   Лицеистерге осы тәуелсіз заманымыз бен тұрмысымыз үшін, ұлттық теңдігіміз үшін қаншама ерлер құрбан болғандығын тағы да бір көз алдарына тарихи деректерді, бейнебаяндарды ұсына отырып жеткіздік.
   Ұлттың Ұлы ұстазының ісі ешуақытта ұмытылмайды. Себебі тарихын құрметтейтін мемлекет барда, ұлттық қайраткерлер үнемі ұлықталады.