28 қазанда «Арыстан» мамандандырылған лицейінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты жыл сайынғы Жолдауын онлайн-трансляция арқылы ұжымдық тыңдап-көру іс-шарасы өткізілді. Оған оқу орнының тәрбиеленушілері, сондай-ақ бүкіл педагогикалық және тәрбиешілер құрамы қатысты.
Лицеистер алдында Лицей бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, запастағы полковник А.Қ. Талдыбаев сөз сөйледі. Ол Президенттің негізгі тезистерін оқу-тәрбие үдерісімен ұштастырып, әскери тәртіптің, жеке жауапкершіліктің және «Адал азамат» қоғамдық тұжырымдамасын жан-жақты ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Лицейдегі мұндай ұжымдық жұмыс форматтары дәстүрлі түрде болашақ офицерлердің ішкі саясат басымдықтары мен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік негіздерін терең түсінуіне бағытталған.