ҚЗ  /  РУ  /  EN
     

Лицейге қабылдау ережелері

Сауалнама толтыру


   Мамандандырылған лицейге (ары қарай - Лицей) 14 жасқа толған, жалпы білім беру мекемесінің 8 сыныбын жақсы аяқтаған, денсаулығы жарамды, кәсіби-психологиялық іріктеу талаптарына жауап бере алатын және дене шынықтырудан дайындығы бар Қазақстан Республикасының азаматы ер балалар (ары қарай - кандидаттар) қабылданады.
   Лицей интернаттық жүйеде жұмыс атқарады. Лицейде оқу мерзімі - жалпы білім беретін мектеп бағдарламасы (9-11 сыныптар) бойынша 3 жыл. Лицеистердің оқуы мен өмір сүруі, атап айтар болсақ, тұрақтануы, тамақтануы мен киім үлгілерімен қамтамасыз етілуі тегін түрде жүзеге асырылды. Лицейді бітіргеннен кейін бітіруші түлектер орта білім туралы аттестат алады, қорғаныс Министрлігі мен басқа да қарулы күштердің жоғары әскери оқу орындарына, сонымен қатар кәсіби-психологиялық жарамдылығын, жалпы білімін, әскери және дене шынықтыру даярлығын, ісерлік және моральдік қасиеттерін, тәртібі мен денсаулық жағдайын есепке алумен шетелдік әскери оқу орындарына жіберіледі.

   Кандидатттарды іріктеуден өткізу үш кезеңнен тұрады:
1-кезең - желтоқсан-қаңтар. Үгіт-насихат кезеңі (аймақтардағы тестілеу жұмысына дайындық)
2-кезең - сәуір-мамыр:
  • кешенді тестілеу бес пән бойынша (математика, физика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) жүргізіледі. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25. Кешенді тестілеудің нәтижесі 125 балдық жүйеге сай есептеледі. Тестілеу 3 сағатқа созылады.
  • кәсіби-психологиялық тестілеу IQ деңгейіне тест;
  • Лицей басшылығымен қорытынды сұхбат.

9-cыныптан кейін ваканттық орындарға тапсырушылар үшін:
  • тестілеу бес пән бойынша (математика, физика, қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы ) жүргізіледі. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25. Кешенді тестілеудің нәтижесі 125 балдық жүйеге сай есептеледі. Тестілеу 3 сағатқа созылады.
  • кәсіби-психологиялық тестілеу, IQ деңгейіне тест;
  • Лицей басшылығымен қорытынды сұхбат.

   Түсетін жылдың сәуір айында іріктеудің алдын ала кезеңіне қатысуға есепке алу мен тіркелу үшін құжаттар белгіленген мерзім аралығында облыстық және Астана мен Алматы қалаларындағы қорғаныс департаменттеріне тапсырылады.
   Құжаттарды тапсыру мерзімі туралы ақпараттар облыстың (Алматы мен Астана қалаларының) қорғаныс ісі департаментінен немесе Лицейдің веб-сайтынан тікелей анықтауға болады
   Тестілеу түсетін оқу жылының сәуір айында Қазақстан Республикасының барлық облыстық орталықтарында, қажетті үміткерлер саны бойынша, мамандандырылған лицей «Арыстанға» түсуді қалаушы үміткерлердің арасында өткізіледі.
   Облыстар бойынша нақты болатын күні, уақыты мен орны Лицейдің сайтында тапсыратын жылдың наурыз айының соңында жоспар-кестеде көрсетіледі.
   Барлық қалаушы үміткерлер Лицей сайтына тіркелу қажет, берілген үлгі бойынша сауалнаманы толтырады, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша Білім және Қорғаныс істері бойынша бөлімдерде тіркеледі.
   Құжаттарды жинауды (Қосымша №1) үміткердің оқу ісін жинақтау үшін, екінші іріктеу кезеңінен кейін бастау керек (тестілеу), шақырту алған жағдайда (тапсыратын жылдың мамыр-маусым айының соңы) үміткерлерді іріктеудің үшінші кезеңіне.
3-кезең - Ақтық шешуші іріктеу (Лицейде тамыздың бірінші аптасында жүргізіледі, ал құжаттарды қабылдау тапсыратын жылдың шілде айының соңғы аптасы).
  • медициналық куәландыру (медициналық тексерістен өту және дәрігерлік құжаттар жиынтығы №2 Қосымшаға сай тұрғылықты жері бойынша емханалардан, үшінші іріктеу кезеңіне дейінгі 30 күн ішінде;
  • Математика мен Физика пәндерінен емтихан;
  • физикалық дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру №2 Қосымша бойынша;
  • кәсіби-психологиялық іріктеу №3 Қосымша бойынша ( таңдау пәні бойынша және Қарулы Күштер ЖОО–ның мамандықтары бойынша педагог-психологпен әңгіме) сонымен бірге, болашақ кәсібі туралы эссе;
  • шығармашылық қабілеттері мен спорттық жетістіктері бойынша жеке іріктеу (ән салу дағдысы, музыкалық аспаптарда ойнауы, билеуі, өлең оқуы т.б. және спорттық атақтары және басқа да атақтары)

Қосымша 1

Үміткердің оқу ісіне қажетті құжаттар тізімі (Лицейдің қабылдау комиссиясына шілденің соңғы аптасында өткізу қажет)
1. Лицей бастығының атына балаларын Лицейге қабылдау туралы жазылған ата-ананың немесе ата-аналарды алмастырушылардың еркін түрдегі өтініші. Баланың ата-анасының ( олардың иелерінің) үміткерді Лицейді аяқтағаннан кейін ары қарай оқуын Қорғаныс министрлігінің, өзге мемлекеттік Қарулы Күштер құрылымы мен шетелдік әскери оқу орындарында жалғастыратыны туралы Өтініште көрсетіледі.
   Ата-аналар қайтыс болған жағдайда қайтыс болғаны туралы куәлік және қамқоршылық туралы куәлік (нотариуспен куәландырылған) көрсетіледі.
2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі (ата-анасынікі).
3. Үміткердің (кандидаттың) Лицей бастығының атына лицейде оқығысы келетіні туралы, Лицейді бітірген соң оқуын әскери оқу орнында жалғастыратыны туралы жазылған еркін түрде жазылған өтініші.
4. Үміткердің өмірбаяны.
5. Туу туралы куәліктің көшірмесі (нотариуспен заңдастырылған).
6. Үміткердің үлгерім табелінің 7-ші сыныптық көшірмесі, сондай-ақ 8-сыныптағы оқу жылының тоқсандық қорытындысының көшірмесі (кешенді емтихан тапсыру кезіндегі мекен-жайы көрсетіледі, оқыған шет тілі көрсетілуі керек, бұның барлығы мектептің гербтік мөртаңбасымен заңдастырылуы тиіс).
7. Ата-аналардың жұмыс орнынан анықтама ( не оларды алмастырушылардың), жұмыс істемесе еңбек биржасынан анықтама).
8. Кәмелетке толмағандардың істері туралы инспекциядан анықтама (тұрғылықты жерінен алынады).
9. Фотосуреті (бас киімсіз түсуі керек), 4,5 x 6 см – 4 дана.
10. Интеллектуалдық, шығармашылық, спорттық және басқа жетістіктері туралы құжаттарының көшірмесі.
11. Ата-аналарының, жақын туыстарының (аға, әкпе) сотталмағаны туралы анықтама (халыққа қызмет көрсету орталығынан –ЦОН –нан алады).
   Құжаттар папкаға тігілген күйде көрсетіледі.
   Тууы туралы куәлік, 8-сыныптағы үлгерім табелі, сынып жетекшісінің және мектеп директорының қолы қойылған мінездемесі (мектептің гербтік мөртаңбасымен бекітілген құжаттар), интеллектуалдық, шығармашылық, спорттық және басқа жетістіктері туралы құжаттарының көшірмесін үміткер Лицейдің қабылдау комиссиясына іріктеудің қорытынды кезеңінде көрсетеді.

Қосымша 2

1. Медициналық куәландыру
(дәрігерлік куәландыру туралы құжаттар қабылдау комиссиясына барлық құжаттармен бірге шілденің соңғы аптасында өткізіледі)
   ҚР ҚМ 2015 жылдың 11 шілдесінде бекіткен №327 бұйрығына сәйкес келетін тұрғылықты жердегі денсаулық сақтау мекемелерінің ақырғы медициналық куәландырылған барлық құжаттар жоғары және орта білім берудің кәсіби білім бағдарламаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау Ережесіне сәйкес көрсетілген мерзім бойынша кандидаттардың жарамдылық деңгейін анықтайтын медициналық қорытынды ретінде Лицейге тапсырылады.

   Үміткерлер оқуға түсетін жылдың шілденің соңына дейін Лицейдің штаттан тыс уақытша әскери-дәрігерлік комиссиясы (ӘДК) медициналық куәландыруды бастамас бұрын төмендегі анықтамаларды ұсынады:
1. Психоневрологиялық диспансерден анықтама Халыққа қызмет көрсеу орталығынан (ХҚКО-ЦОН сөзінің қазақша баламасы);
2. Тері-венерологиялық диспансерден анықтама (тұрғылықты мекен-жайы бойынша);
3. Туберкулез диспансерінен анықтама ХҚКО-дан:
4. Наркологиялық диспансерден анықтама ХҚКО-нан;
5. Басқа медициналық ұйымдардан: созылмалы ауруларының жағдайы бойынша және соңғы 12 ай ішіндегі инфекциялық- паразитарлық аурулары бойынша диспансерлік есептен мәлімет;
6. Участкелік терапевтен анықтама (тұрғылықты жері бойынша);
7. № 907 бұйрықпен бекітілген құжаттар:
7.1. Дәрігерлік анықтама (№086/у);
7.2. Амбулаторлық науқастың дәрігерлік картасы (№025/у түрі);
7.3. Профилактикалық егу картасы (№063/у түрі);
7.4. Амбулатуралық, стационарлық науқастың дәрігерлік картасынан көшірме (№ 027/у түрі);
7.5. Азаматтың денсаулығына қатысты басқа да дәрігерлік құжаттар, рентгенограммалар, арнайы зерттеу әдістерінің хаттамалары:
  • жалпы қан талдамасы (кеңейтілген түрде), 10 күннен артық емес;
  • микропреципитация (микрореакция) сифилиске, 10 күннен артық емес;
  • бруцеллезге қан, 10 күннен артық емес;
  • кіші дәрет талдамасы, 10 күннен артық емес;
  • тыныш қалыптағы және жүктемеден кейінгі ЭКГ, бір айдан артық емес;
  • мұрын қуыстары ( талдамасымен) 1 айдан артық емес;
  • екі табанының рентгені (талдамасымен), бір айдан артық емес;
  • ВИЧ-маркеріне, В,С гепатитке қан талдамасы, бір айдан артық емес;
  • қан тобы мен резус-фактор, бір айдан артық емес;
  • құрттар жұмыртқасына нәжіс талдамасы, 10 күннен артық емес;
  • лямблиядағы нәжіс, 10 күннен артық емес.
8. Лицейге тапсыруға кедергі болатын кімнің дәрігерлік ұйымдардың мәліметі бойынша созылмалы ауруы не болмаса физикалық жетіспеушілігі болса, ол дәрігерлік куаландыруға жіберілмейді.
9. Лицейде әрбір үміткерге азаматтардың дәрігерлік куаландыру картасы толтырылады, әскери оқу мекемелеріне оқуға тапсырушылардың Ережеге сай № 7 үлгідегі медициналық анықтама қағазы 2 қосымша.
10. Дәрігерлік куаландыруда осыған дейінгі үміткердің денсаулығының жағдайы зерттелінеді, куаландырушының анамнестикалық мәліметтері қарастырылады.
11. Дәрігерлік куаландыру үдерісінде көрсеткіштер бойынша қажетті қосымша лабораториялық, аспаптық зерттеу әдістері денсаулық жағдайын анықтау үшін қолданылады.
12. Диагнозды нақтылау мақсатында кандидат әскери-дәрігерлік мекемеге жіберіледі (медициналық ұйымдарға), әскери дәрігерлік комиссия( ВВК) жұмысы аяқталатын кезеңде. Тексеруге бағыттамада (направлениеде) әскери-дәрігерлік мекеменің атауы, диагноз, тексеру мақсаты көрсетіледі.
13. Лицейге тапсыруға кедергі келтіретін ауру анықталса, кандидатты ары қарай медициналық куаландыру жұмысы аяқталады, маман дәрігер медициналық куаландыру қағазын толтырады және әскери дәрігерлік комиссия (ВВК) лицейге тапсыруға жарамсыздығы туралы қорытындыны толтырады.
14. Дәрігерлік куаландыру нәтижесі бойынша уақытша штаттан тыс жұмыс істейтін әскери дәрігерлік комиссия( ВВК) Лицейге тапсыруға жарамдылығы туралы не жарамсыздығы туралы қорытынды шығарады ( бұған қоса ВВК қорытындысы негізге алған Талаптар пункттері көрсетіледі).
15. ВВК қорытындысы мен куаландыру нәтижелері ВВК мәжілісінің хаттамасына, оқу мекемесіне тапсыратын азаматтың медициналық куаландыру картасына жазылады.

2. Емтихан тапсыру
   Бірінші кезеңнің іріктеу нәтижесі бойынша шақырылғандар тапсырады:
  • математикадан жазбаша бақылау жұмысы;
  • физикадан жазбаша бақылау жұмысы;
   Емтихан пәндер бойынша жалпы білім беру мектептерінің 8-сыныптарының бағдарламасы негіздерінде өткізіледі.
   Физикалық дене даярлығы бойынша нормативтер (жалпы білім беру мектептерінің 8-сыныптарының нормативтері негіздерінде өткізіледі)

1. Жалпы төзімділігіне тексеріс
  • 1000 метрге жүгіру
  • үздік- 3.40,
  • жақсы – 3.50,
  • қанағаттанарлық – 4.15.

2) Иық белдеуі мен қолдың бұлшық етінің салыстырмалы күшін тексеру:
  • тартылу-
  • үздік - 11,
  • жақсы – 9,
  • қанағаттанарлық – 7.

3) Жылдамдық төзімділігін тексеру, 100 метрге жүгіру:
  • үздік – 14,6;
  • жақсы – 15,0;
  • қанағаттанарлық – 15,6;
  • кәсіби-психологиялық іріктеу (үміткердің кәсіби дайындығын анықтауға бағытталады)
   IQ деңгейіне тестілеу ( оқуға қабілеттілігін бағалау мақсатында жүргізіледі, арнайы тестер нәтижесінде ойлау үдерісінің динамикасын айқындау үшін, кандидаттың интеллектуальдылық өнімділігін бағалау үшін жүргізіледі);
  • эссе жазу (эссе Лицейдегі оқу жүйесінің тартымдылығы мен болашақ мамандықтың қызметі тақырыбына арналады).
  • шығармашылық қабілеттерін тексеру (музыкалық, би, көркем шығармашылық және басқалары ).
   Алынған сынақтар нәтижесінде таңдаудың қорытындылау кезеңінде Лицейде оқушылардың қатарына өту конкурсы өткізіледі.
   Конкурс шарты қабілетті және дайындығы жоғары кандидаттардың Лицейдің күрделі оқу бағдарламасын меңгеруін қамтамасыз ету болып табылады.
   Сайысты өткізу кезінде бірдей көрсеткіштер болса, артықшылық алуға құқылы: -жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары ( соңғы екі жылдағы бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломмен марапатталғандар);
  • жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары,( осы жылдағысы бірінші, екінші, үшінші дәрежелі диплом иегерлері);
  • үлгерім табелінде соңғы екі оқу жылы бойынша орташа ұпайы жоғарылар;
  • материалдық жағдайы төмен отбасының балалары, жетім балалар және көп балалы отбасылардың балалары.
   Таңдау сайысының қорытындылары Қабылдау комиссиясының мәжілісінің хаттамасына толтырылады.

   Таңдаудың қорытынды кезеңінен өтпеген кандидаттар, сондай-ақ Лицей сайысынан өтпеген кандидаттар қабылданбайды, олар қайтадан тұрғылықты жерлеріне қайтарылады.
25 тамызға дейін ата-аналармен не заңды өкілдермен Лицей бастығы арасында білім беру қызметін көрсету қызметі Келісімшарт үлгісі бойынша келісім жасалады.
   Ваканттық орын болса (9-сыныптардың арасынан оқудан шығарылғандар болса), 10-сыныпқа түсушілер арасында таңдау жүргізіледі, аналогиялық сызба бойынша, 9-сыныптарға да солай.


Қосымша 2

Кәсіби-психологиялық іріктеудің мазмұны
   Кәсіби-психологиялық таңдау үміткердің әскери-кәсіби бағыттылығы мен жеке психологиялық қасиетін, Лицейде жақсы оқи алатындығы мен ары қарайғы әскери мемлекеттік қызметке лайықтылығын айқындау мақсатымен: кәсіби-психологиялық тестілеу және жеке әңгімелесу түрінде өтеді.
   Кәсіби-психологиялық тестілеу психологиялық және психофизиологиялық зерттеуді қамтамасыз етеді, ол үміткердің бойындағы танымдық психологиялық үрдістер ерекшелігін айқындау үшін, эмоциональды-еріктілік қасиетін, жүйке психикалық төзімділігін және басқа да маңызды кәсіби қасиеттерін нақтылау үшін жүргізіледі. Бұл формалды әдістемелер жиынтығы негізінде жүзеге асырылады.
   Жеке әңгімелесу үміткерді әлеуметтік-психологиялық зерттеуді қамтиды, оның барысында үміткердің әскери-кәсіби бағыттылығы, мақсаттылығы, ортамен тіл табысуы, үйымдастырушылық істерге бейімдігі, беделділігі, жауаптылығы, әлеуметтік орнықтылығы, құнды бағыттары, жеке тұлғалармен қарым-қатынасы, жекелеген мінез қасиеттері анықталады.
   Үміткерлерге қойылатын негізгі кәсіби-психологиялық талаптар:
  • жоғары мінез-құлық сапасы (борыш сезімі, принциптілік, адалдық, шынайылық, қоғамдық белсенділігі);
  • әскери-кәсіби қызметке деген нақты шешімділігі;
  • жеке тәртібі мен орындаушылығы, ішкі жинақтылығы, ұйымдастырушылығы, алдына қойылған міндеттерді шешуге әзірлігі мен өз уақытында орындауға дайындығы;
  • төзімділігі мен өзін-өзі басқаруы, жоғарғы кедергілер кезіндегі, уақыт тапшылығындағы және қолайсыз жағдайлардағы эмоциональды-еріктілік тұрақтылығы;
  • еңбексүйгіштігі және жоғары іскерлік қабілеті, физикалық төзімділігі.
   Кәсіби-психологиялық тестілеу және жеке әңгімелесу нәтижелері бойынша үміткердің жалпы Лицейде оқуға жарамдылығын анықтайтын қорытындылардың бірі шығады:
  • бірінші кезекте ұсынылады–кәсіби жарамдылықтың бірінші санаты
  • ұсынылады – кәсіби жарамдылықтың екінші санаты;
  • шартты түрде ұсынылады( әскери қызмет талаптарына толық сай келмейді, үміткерлер аз болған жағдайда ғана оқуға жіберіледі)- кәсіби жарамдылықтың үшінші категориясы;
  • ұсынылмайды ( әскери қызмет талаптарына сай келмейді) – кәсіби жарамдылықтың төртінші категориясы).
   Үміткердің жарамдылығы туралы қорытынды Лицейге қабылдау туралы соңғы шешімді шығаратын тек қабылдау комиссиясына жеткізіледі. Кәсіби-психологиялық іріктеудің нәтижелері бойынша кәсіби жарамдылығы жөнінен төртінші категорияға жатқызылған үміткердің қолына «Тапсыруға ұсынылмайды» деген тұжырымдама беріледі.

Алматы қаласынан Лицейге қалай келуге болады:
   Қаланың кез келген жағынан (1-Алматыдан №29 автобуспен; «Сайран» автобекетінен метро арқылы; 2-Алматыдан жаяу төрт квартал) «Саяхат» ауданына дейін (Райымбек-Пушкин көшелерінің қиылысына), сол жерден тұрақта тұрған таксилерге(олар Пушкин-Мақатаева көшелерінің бойында тұрады) отырып, Бесқайнар ауылына келесіздер (бір адамға жолақысы -350 теңге).


Оқуға тапсыру сұрақтары бойынша:
Абсаттар Абсалимович Иванов
ivanov@lyceum-arystan.kz
тел: 8(727)3700520
сот.тел.: 8-777-6993071

   Лицейдің веб-сайтында туындаған сұрақтарға қатысты қосымша ақпараттарды алу үшін тікелей Лицей басшылығына шығу мүмкіндігі қарастырылған.

Керекті құжаттар тізімін жүктеу: Құжаттар тізімі (17.7 kB)