ҚЗ  /  РУ  /  EN

Қабылдау комиссиясы

   "Арыстан" мамандандырылған лицейі 2024 жылы оқуға түсуге үміткерлерді 9-10-11 сыныптарына қабылдауды жүзеге асырады.
   Мамандандырылған лицейге оқуға түсуге 14 жасқа толған, жалпы орта білім беру мекемесінің 8 сыныбын жақсы бітірген, денсаулық жағдайы жарамды, кәсіби-психологиялық іріктеу және дене шынықтыру даярлығы талаптарына сай келетін Қазақстан Республикасының ер азаматтар қабылданады.


   Сәуір айында облыс орталықтарында өткен іріктеу тестілері бойынша мына үміткерлер келесі іріктеу кезеңіне шақырылады:
-Облыс орталықтарында өткен іріктеу тестілерінен өткен үміткерлер тізімі


   Белгілі бір себептермен сәуір айында облыс орталықтарында өткізілген тестілеулерге қатыса алмаған үміткерлер үшін шілде айының соңында лицейде қосымша біліктілік сынақтары ұйымдастырылады, олар «Қабылдау ережелерінде» көрсетілген Қосымша 1 және Қосымша 2 тізімдерінде аталған құжаттарды толық пакетімен ала келуі керек.

Оқуға түсу мәселелері бойынша жауапты тұлға:
Айнұр Бармақбайқызы Нусипбекова
a.nusipbekova@arystan.edu.kz
тел.: 8 (727)3699805
ұялы тел.: 8-777-002-76-96


Дәрігерлік анықтамалар тұралы сұрақтар бойынша:
Мамутова Бахыт Маратовна
ұялы тел.: 8-705-205-06-68



   Іріктеу тестілеуінің бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша аталған үміткерлер «Қабылдау ережелеріндегі» 1-ші Қосымшада және 2-ші Қосымшада аталған құжаттар тізімін 2024 жылғы 23 шілдеден 30 шілдеге дейін сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін Лицейге келіп, Қабылдау комиссиясына тапсыруы қажет, мына мекенжай бойынша: «Арыстан» мамандандырылған лицейі, Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесқайнар ауылы, Жамбыл көшесі, 67 үй.
   Шақырылған үміткерлерді тіркеу және екінші тур емтихандарына келу (қорытынды іріктеу) 2024 жылғы 1 тамызда сағат 8.00-ден басталады.
   Барлық үміткерлер мектеп формасын киіп келүі керек: ақ көйлек және қара түсті шалбар.
   Өзімен бірге:
1. Спорттық форма (дене шынықтыру нормативтерін тапсыру үшін);
2. Спорттық аяқ киім (дене шынықтыру нормативтерін тапсыру үшін);
3. Бос жазғы киімдер (шорттар, футболка, тәпішке немесе флипфлоптар және т.б.);
4. Жеке гигиена құралдары (тіс пастасы, тіс щеткасы, дәретхана сабыны);
5. Ауыстырылатын, қосалқы іш киім (шалбар, футболка және шұлық).
6. Жазбаша есептерді шешуге және Эссе жазуға арналған шарикті қалам, сызғыш, қарапайым қарындаш және дәптер.
7. Іріктеу кезеңіне әрбір үміткердің өзімен бірге асханадағы тамақтануына аздаған ақшасы болуы керек (2500 теңге бір күнге, жалпы алғанда – 6 күнге).
8. Ата-аналармен сөйлесуге арналған түймелі телефон (қарапайым).

   Іріктеу кезеңі болып жатқанда, 01 тамыздан бастап, басқа қаладан келген үміткерлерге Лицейдін жатақханасынан тегін жататын орын беріледі, ал үміткерлерді ертіп келген ата-аналары немесе туыстары жақын арадан өздері жалдамалы жататын орын табуы керек.


II. Бірінші кезеңнін іріктеу тестілеріне қатыспаған үміткерлер 2024 жылдың 1 тамызында Арыстан мамандандырылған лицейінде қосымша тестілеуден өте алады, келу уақыты таңғы сағат 8:00. Олар «Қабылдау ережелеріндегі» 1-ші Қосымшада және 2-ші Қосымшада аталған құжаттар тізімін 2024 жылғы 23 шілдеден 30 шілдеге дейін сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін Лицейге келіп, Қабылдау комиссиясына тапсыруы қажет, мына мекенжай бойынша: «Арыстан» мамандандырылған лицейі, Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесқайнар ауылы, Жамбыл көшесі, 67 үй.

Ескерту:
   Алматыдан «Арыстан» мамандандырылған лицейіне бару үшін:
1. Райымбек даңғылы – Абылай хан даңғылы қиылысынан (Алматы-2 вокзалының жанындағы бұрыш), № 100, 23 автобустар Райымбек даңғылы бойымен және одан әрі Талғар тас жолының бойымен 9-шы шақырымдағы тауға қарай бұрылысқа дейін жүреді. Бесқайнар ауылдық округіне дейін, Арыстан лицейіне дейін Қотырбұлақ ауылындағы Березовый роща аялдамасына дейін (9 км).
2. Қала шегінен («Халық Арена» айрығы жанындағы спорт кешені) Қотырбұлақ ауылындағы «Березовая роща» аялдамасына дейін № 209 және 210 маршруттық автобустармен жүруге болады (9 км).