ҚЗ  /  РУ  /  EN

Хабарландыру

2024 жылы "Арыстан" мамандандырылған лицейіне оқуға түсуге ниет білдірген үміткерлерді іріктеу бойынша


"Арыстан" мамандандырылған лицейі 2024 жылы оқуға түсуге үміткерлерді қабылдауды жүзеге асырады.
Лицейге оқуға түскісі келетін барлық ұлдар мен олардың ата-аналарына мәлімет беріп, хабарлаймыз!
1. Мамандандырылған лицейге (бұдан әрі – Лицей) оқуға түсу кезінде 14 жасқа толған, жалпы білім беру мекемесінің 8 сыныбын жақсы бітірген, денсаулық жағдайы жарамды, кәсіби-психологиялық іріктеу және дене шынықтыру даярлығы талаптарына сай келетін Қазақстан Республикасының ер азаматтары (бұдан әрі-кандидаттар) қабылданады.
2. Лицейге қабылдау ережелерімен мұқият танысып, білу қажет! (Сайтта қазақ және орыс тілдерінде берілген).
3. Бірінші кезекте "Арыстан" мамандандырылған лицейінің сайтында тіркеліп, ұсынылған нысан бойынша кандидаттың сауалнамасын толтыру керек және аймақтар бойынша тізімдерді жасау үшін сайтта көрсетілген мекен-жайға жіберу қажет.
4. Іріктеу үрдісінде болып жатқан барлық өзгерістермен және жаңалықтармен, іріктеу кезеңдерінің іс-шаралар кестесімен және т. б. танысу үшін "Арыстан" мамандандырылған лицейінің сайтын жүйелі түрде қадағалап, жиі қарап отыру керек.
5. Талапкерлерді іріктеудің барлық негізгі талаптары мен шарттары "Арыстан" мамандандырылған лицейінің сайтындағы қабылдау ережелерінде көрсетілген!


Оқуға түсу мәселелері бойынша жауапты тұлға:
Айнұр Бармақбайқызы Нусипбекова
a.nusipbekova@arystan.edu.kz
тел.: 8 (727)3700520
ұялы тел.: 8-777-002-76-96