ҚЗ  /  РУ  /  EN







Лицейдің бастығы
генерал-лейтенант Мұрат Жәлелұлы Майкеев


   Мұрат Жәлелұлы Майкеев 1959 жылы 9 қарашада, Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысында дүниеге келді, ұлты - қазақ.
   1966-1976 жылы Жамбыл облысының Гвардейск поселкесінде №1 орта мектебін бітірді. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1980); М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияны (1994) бітірген. Қызметін мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі болып бастаған. 1983 жылдан - мотоатқыштар ротасының командирі. 1987-1991 жылдары - мотоатқыштар батальоны штабының бастығы - командирдің орынбасары, командирі. 1994 жылдан - ҚР Республикалық гвардиясының батальон командирі, бригада командирінің орынбасары, полк командирі. 1998 жылдан - мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары, командирі. 2000 жылдан - ҚР ҚМ Тәрбиелік және әлеуметтік-құқық жұмыс департаментінің бастығы. 2003 жылдан - Аэромобиль әскерлерінің қолбасшысы. 2009-2010 - ҚМ Штаб бастықтары комитеті төрағасының орынбасары; 2010-2016 - ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы; 2016-2019 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы.

3-дәрежелі «КСРО Қарулы Күштеріндегі Отанға сіңірген еңбегі үшін», 2-дәрежелі «Айбын» (2001), 2-дәрежелі «Даңқ» (2012) ордендерімен марапатталған.

2022 жылдың қазан айынан бастап "NNEF" қоғамдық қорының филиалы "Арыстан" мамандандырылған лицейінің бастығы.



"Арыстан" мамандандырылған лицейінің бастығының оқу-тәжірибе жөніндегі жұмыстары бойынша орынбасары
Денебаева Лəззат Қолдасбайқызы



«Арыстан» мамандандырылған лицейі басшысының бейіндік білім беру жөніндегі орынбасары
запастағы полковнигі
Небылица Василий Васильевич



Арыстан" мамандандырылған лицейінің бастығының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары
запастағы полковнигі
Талдыбаев Абай Киргизбаевич



Арыстан" мамандандырылған лицейінің бастығының әкімшілік-шаруашылық жұмыстары бойынша орынбасары
запастағы полковнигі
Руслан Бердыгұлұлы Эралиев