ҚЗ  /  РУ  /  EN
  

Болашақ ел қорғаушы жігіттерге арналған әсерлі кеш

   Биыл қаңтардың 31 жұлдызында «Арыстан» мамандандырылған лицейінің еңсесі биік салтанат залында ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абайды оқы, таңырқа...» атты кеш қазақ тілінің мұғалімі Шоранова Гүлдария Әжіғұлқызының ұйымдастыруымен жоғарғы деңгейде өткізілді. Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа тағылым ретінде Абайдың рухына тағзым ету, Абайдың рухани құндылықтарын көрсете отырып, ұлы ақынның мұрасын жастардың санасына сіңіру.